Түпнұсқа зерттеу мақаласы · e0005
Glycyrrhiza glabra L. тамырларынан субстанцияны дәйекті экстракция әдісімен алу технологиясын әзірлеу
Үш тілдегі толық мәтін: Русский · Қазақша · Ағылшын тілі
Мақала 2026 жылғы 8 қазанда түзетілді. Түзетілген жарияланған нұсқа авторлар мақұлдаған мәтінді, нақты сандық нәтижелерді және нақтыланған автор идентификаторларын қамтиды.
Ибрагимова Л.Н., Шыбырай Е., Енсебаева Г.Б., Ибрагимова Р.З., Сәрсербекова Ж.А., Шарипова О.Ф., Курманалиева А.Р., Баигаипова Г.К.. Glycyrrhiza glabra L. тамырларынан субстанцияны дәйекті экстракция әдісімен алу технологиясын әзірлеу. Pharmaceutical Sciences and Health Products. 2026;1(1):e0005.
Аңдатпа
Өзектілігі
Glycyrrhiza glabra L. тамырларындағы тритерпенді сапониндер, флавоноидтар және басқа табиғи қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерінің айырмашылығы оларды бір экстракциялық жүйемен бөліп алуды қиындатады. Сондықтан құрамы әртүрлі экстрагенттерді дәйекті қолдануға негізделген технологиялық тәсілді әзірлеу өзекті.
Мақсаты
Glycyrrhiza glabra L. тамырларынан құрғақ субстанцияны дәйекті экстракция әдісімен алу технологиясы мен зертханалық регламентін әзірлеу.
Материалдар мен әдістер
Алдын ала дайындалған Glycyrrhiza glabra L. тамырлары 1% аммиактың сулы ерітіндісімен шикізат:экстрагент 1:10 қатынасында, 75-85 °C температурада әр цикл 1 сағаттан үш рет экстракцияланды. Біріктірілген экстракттар 5 °C-қа дейін салқындатылып, 8000 айн/мин жылдамдықта 20 мин центрифугаланды, декантацияланды және лиофилизацияланды. Қалған шрот 50% және 90% этил спиртімен 50-60 °C-та үш реттен дәйекті экстракцияланды. Этанол 45 °C-тан аспайтын температурада вакуумда жойылып, концентраттар лиофилизацияланды.
Нәтижелер
Көпсатылы технологиялық сызба әзірленіп, процестің негізгі параметрлері анықталды. Алынған субстанция суда және гидрофильді орталарда жақсы еритін, ашық-қоңырдан қою-қоңырға дейінгі гигроскопиялық ұнтақ болды. Құрғақ субстанция шығымы 16,73 ± 0,42%; глицирризин қышқылының мөлшері 20,81 ± 0,17%, ликвиритинге шаққандағы флавоноидтар мөлшері 8,36 ± 0,21% болды.
Қорытынды
Glycyrrhiza glabra L. тамырларынан құрғақ субстанцияны дәйекті экстракция әдісімен алу технологиясы мен зертханалық регламенті әзірленді. Ұсынылған тәсіл процестің қайталанғыштығын бағалау және масштабтау үшін негіз бола алады.
Түйінді сөздер
Мақала тарихы
- Жарияланған
- Түзетілген
- PDF-тің жаңа беттелуі енгізілді; ғылыми мазмұны өзгерген жоқ.
- Беттеу өзгертілгенге дейінгі PDF · Беттелуі жаңартылған PDF
Рецензиялау моделі: Double-blind external peer review · Нұсқа: Түзетілген соңғы жарияланған нұсқа
Қосымша материалдар
Жеке қосымша материалдар жоқ.